Жылыту маусымына дайындық аясында 35 шақырым жылу желісі жөнделді

Жылыту маусымына дайындық аясында 35 шақырым жылу желісі жөнделді

Қазақстанда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерін реконструкциялау және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.

Биылғы жылы жоспарға сәйкес 377 шақырым жылу желісін реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген. Соның ішінде Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2026 жылы 130 шақырым жылу желісін қайта жаңғырту жоспарланған.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде еліміздегі жылу желілерінің орташа тозу деңгейін 50%-дан 48%-ға пайызға дейін төмендету күтілуде.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға, технологиялық бұзушылықтарды азайтуға, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде республиканың 16 өңірінде жалпы ұзындығы 152 шақырым жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 35 шақырым желіде жұмыстар толық аяқталды.

Атап өту керек, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жөндеу науқанының орындалуына үнемі мониторинг, жылу инфрақұрылымының жай-күйі мен жаңғыртылуына тұрақты бақылау жүргізеді.