Комитет төрағасының орынбасары Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту Ұлттық жобасының Жобалық кеңсесі ұйымдастырған іс-шараға қатысты

Комитет төрағасының орынбасары Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту Ұлттық жобасының Жобалық кеңсесі ұйымдастырған іс-шараға қатысты

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов Семей қаласында Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту Ұлттық жобасының Жобалық кеңсесі ұйымдастырған іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында энергетика, ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ ЭКСЖ техникалық және қаржылық операторларының өкілдері Ұлттық жобаны іске асыру тетіктері туралы баяндады. Комитет төрағасының орынбасары Ернар Хасенов Ұлттық жоба аясында жылу желілерінің тозуын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтты.

Воркшоп аясында стратегиялық коммуникациялар бойынша сараптамалық сессия өтіп, энергетика және коммуналдық секторларды ауқымды жаңғырту науқанын  іске асыру тетіктері талқыланды. Ашық пікірталас барысында Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған және қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жобалардың тәжірибелік кейстері қаралды.

Сонымен қатар, Абай облысындағы желілерді реконструкциялау жоспарларына ерекше назар аударылды. Алдағы кезеңде өңірде ондаған жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында үш кәріз-тазарту құрылысының құрылысы, сондай-ақ жылу, су және электрмен жабдықтау нысандары мен желілерін реконструкциялау көзделген.

Жергілікті «Теплокоммунэнерго» МКК 9 инвестициялық жоба ұсынды. Оларды іске асыру нәтижесінде жылу желілерінің жалпы тозу деңгейін 60,27%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.