
2026 жылғы 14–15 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қызмет қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті. Отырыс Комитет төрағасы Ержан Ертаевтың төрағалығымен аумақтық департаменттер мен бейінді басқармалар басшыларының қатысуымен ұйымдастырылды.
Алқа барысында 2026 жылғы жөндеу науқанына энергетикалық инфрақұрылымды дайындау, сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету және алдағы күзгі-қысқы кезеңнен өту мәселелері қаралды.
Комитет төрағасы Ержан Ертаев энергетикалық нысандарды уақтылы дайындау және жөндеу бағдарламаларының орындалуына бақылауды күшейту мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінің негізгі міндеті екендігін айтты.
Қатысушылар электр және жылу энергиясын өндіретін станциялардың, электр және жылу желілерінің қазіргі жағдайын, өңірлік электр желілік компаниялардың қызметін, сондай-ақ лицензиялау және жөндеу іс-шараларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Апаттылық деңгейін төмендету, технологиялық бұзушылықтарды жедел жою және аумақтық бөлімшелер, энергетикалық кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алқаның практикалық бөлігінде қатысушылар «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ диспетчерлік орталығында болып, қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып жүзеге асырылып жатқан «АлЭС» АҚ-ның Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жұмыстарының барысымен, сондай-ақ «АлЭС» АҚ-ның Ш. Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-інің қызметімен танысты.
Көшпелі танысу барысында қатысушыларға нысандардың қазіргі жағдайы, жөндеу және жаңғырту жұмыстарының іске асырылуы, сондай-ақ энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынылды.
Алқа қорытындысы бойынша Комитет төрағасы Ержан Ертаев жөндеу науқанының барысына бақылауды күшейту, энергетикалық нысандардың жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарға жедел әрекет ету тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.