Комитет төрағасының орынбасары Алматы қаласының электр станцияларына барды

Комитет төрағасының орынбасары Алматы қаласының электр станцияларына барды

Ағымдағы жылыту кезеңінің өтуін бақылау аясында Мемлекеттік  энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Илья Рожков «АлЭС» АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те болды.

Келесі жылыту маусымына дайындық аясында ЖЭО-2-де № 2 қазандық пен № 2 турбинаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ЖЭО-3-те № 3 қазандық пен № 1 турбинаны жөндеуде. Жалпы, «АлЭС» АҚ үш ЖЭО-да 3 қазандық пен 4 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Материалдармен және мердігерлік ұйымдармен қамтамасыз етілуі бар.

Комитеттің аумақтық департаментіне жөндеу жұмыстарының барысына мониторингті тұрақты негізде жалғастыру тапсырылды.