Энергетика министрлігінде «Наурызнама» онкүндігі Көрісу күнімен басталды

Энергетика министрлігінде «Наурызнама» онкүндігі Көрісу күнімен басталды

Бүгін ҚР Энергетика министрлігінде «Наурызнама» онкүндігінің бастауы ретінде Көрісу күні аталып өтілді. Көрісу күні — бұл ата-бабамыздан келе жатқан, ағайынның амандығын біліп, өзара сыйластық пен бауырмалдықты паш ететін ерекше дәстүр. Мерекелік шара аясында министрлік қызметкерлері мен сала ардагерлері игі дәстүр бойынша бірін-бірі көктемнің келуімен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді.

«Наурызнама» онкүндігі аясында Энергетика министрлігінде алдағы күндері де іс-шаралар легі жалғасатын болады. Бұл бастамалардың басты мақсаты — мерекенің танымдық-тәрбиелік мәнін ашу және ұлттық мереке рухын ұлықтау.