
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде аумақтық департаменттердің басшыларымен бейнеконференцбайланыс режимінде жедел кеңес өткізілді. Кеңесте мереке күндері қарсаңында энергетика объектілерінің сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Кеңес барысында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, жедел әрекет ету, энергетика объектілерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері талқыланды.
Аумақтық департаменттердің басшыларына жылыту маусымының өтуіне бақылауды күшейту, энергия кәсіпорындарымен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар жүргізу, тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру және энергетика объектілерінің тұрақты жұмысын бақылауда ұстау тапсырылды.