
Бүгін Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.
Комитет ұжымы жобада көрсетілген негізгі ережелермен танысып, пікір алмасты.
Қатысушылар мемлекетті одан әрі дамытуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамның құқықтық негіздерін нығайту бағытындағы жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.