Энергетика күніне орай мемлекеттік наградалар: министрлік үздіктерді марапаттады

Энергетика күніне орай мемлекеттік наградалар: министрлік үздіктерді марапаттады

Энергетика күніне орай ҚР Энергетика министрлігінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министр Ерлан Ақкенженов саланың өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, ел Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады.

Жиын барысында ведомство басшысы энергетика саласы әрқашан ел экономикасының тірегі болып қала беретінін, ал сала мамандарының күнделікті еңбегі – миллиондаған қазақстандықтардың жайлылығы мен тұрақтылығының кепілі екенін атап өтті.

Президент Жарлығына сәйкес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін бірқатар азаматтар «Құрмет» ордені, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ерлан Аккенженов әрбір маманға өз ісіне деген адалдығы мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіріп, отандық энергетиканың берік іргетасын қалауға қосқан үлесін жоғары бағалады.