Энергетика министрлігінде Қазақстан халқының тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай эссе жазу байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының көмекшісі Мархабат Нағашыбай жеңімпаз атанды.
Электр энергетикасын дамыту департаментінің бас сарапшысы Махсат Еденбай мен Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің бас сарапшысы Гүлназ Жүнісова 2-орынға ие болды. Еркебұлан Кенжебек пен Мирас Бердіғұлов 3-орынды иеленді. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломмен және алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл байқау ұлт ұстазын ұлықтап, оның өнегеге толы ғұмыры мен еңбектерін насихаттап, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейте түсті.