Энергетика министрлігінде жылыту маусымына дайындық бойынша селекторлық кеңес өтті

Энергетика министрлігінде жылыту маусымына дайындық бойынша селекторлық кеңес өтті

ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде 2025–2026 жылғы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша республикалық селекторлық кеңес өтті.

Кеңеске ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында энергия көздері, электр және жылу желілерін жөндеу науқанының іске асырылу барысы туралы есептер тыңдалды.

Бүгінгі таңда Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарының жылу желілерінде, сондай-ақ Аягөз және Сәтпаев қалаларындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстарының қарқыны төмен деңгейде қалып отыр.

Бұдан бөлек, бірқатар электр станцияларында негізгі жабдықтарды жөндеу мерзімдерінің сақталуын бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен энергетикалық кәсіпорындарға жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.