Шығыс Қазақстан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық ерекше бақылауда

Шығыс Қазақстан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық ерекше бақылауда

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу энергетикасы нысандарын 2025–2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында.

Бақылау іс-шаралары аясында негізгі нысандардың дайындығы тексерілуде. Атап айтқанда, Тишин кенішінің қазандықтарында екі қазан агрегаты мен қосалқы жабдықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

«Шығыс Жылу» АҚ филиалының Риддер жылу электр орталығында қазандық және турбиналық жабдықтар, басқару қалқанының жағдайы тексерілді. Ағымдағы және күрделі жөндеу, тарату құрылғыларын қайта жаңғырту, жылу желілерін модернизациялау және күл үйіндісін кеңейту жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, экологиялық және техникалық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар, оның ішінде шығарындыларды автоматты бақылау жүйесін орнату және №5 турбоагрегатты ауыстыру жобалары қаралды.

Тексеру нәтижелері бойынша өңірдегі жылумен қамту сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді. Жылыту маусымына дайындық Энергетика министрлігінің бақылауымен жалғасуда.