ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2-нің алдағы жылыту маусымына дайындығын тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр.
Бүгінде №5 қазандық пен №1 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, №6 қазандықты жөндеу жұмыстары жалғасуда. Нысанда «ЦентрЭнергоМеханизация» ЖШС-ның 105 маманы жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ жақын арада №2 турбинаға күрделі жөндеу басталады. Айта кетейік, Теміртау қаласындағы ЖЭО-2-де сағатына 420 тонна қуат өндіретін қосымша №7 қазандықтың құрылысы аяқталды.
Жөндеу науқанының барысы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тұрақты бақылауында.