Энергетика министрлігінде Атом саласы қызметкерлерінің күніне арналған жиналыс өтті

Энергетика министрлігінде Атом саласы қызметкерлерінің күніне арналған жиналыс өтті

Бүгін, 28 қыркүйекте Қазақстанда Атом саласы қызметкерлерінің күні атап өтілуде, деп хабарлайды ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Баспасөз қызметі.

Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымовтың төрағалығымен Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті мен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлерімен жиналыс өтті.

«Кез келген саланың басты капиталы - адам. Сіздердің білімдерініз, тәжірибелеріңіз бен кәсіби істеріңіз отандық индустрияны одан әрі дамытудың кепілі болып табылады. Адал еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен  кәсіби біліктіліктеріңіз, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлестеріңіз үшін  алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық және қажырлы еңбектеріңізге жаңа табыстар тілеймін», - деп атап өтті вице-министр Қайрат Рахымов.

Кездесу барысында Комитет пен Департамент қызметкерлері құрмет грамоталарымен марапатталды.