Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төраға орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төраға орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен Ернар Мұхтарұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратынан ауысу тәртібімен тағайындалды.

Ернар Мұхтарұлы Инновациялық Еуразия университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген.

Ернар Мұхтарұлы еңбек жолын 2008 жылы Көлік және коммуникация министрлігінің Павлодар облыстық автомобиль жолдары департаментінің бас маманы болып бастаған.

2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

2014-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып қызмет атқарды.

2022-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымын атқарды.