Егер сіз Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет), қызметінде мынадай мән-жайлардың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз:
- дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлау дерегі туралы;
- бақылау (қадағалау), сатып алу рәсімдері кезіндегі бұзушылықтар туралы;
- лауазымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалану және өкілеттігін асыра қолдану туралы;
- Комитетке материалдық шығын келтіретін немесе келтіруі мүмкін, сондай-ақ іскерлік беделіне зиян келтіретін жасалған басқа әрекеттер туралы мәлім болған жағдайда, antikor@energo.gov.kz электрондық поштасына жаза аласыз.
Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі. Анонимді өтініштер (өтінішті жібергенде тегін көрсетпей) қаралмайды.
Жалған мәліметтерді таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз!