
Брифингте Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыстарының қорытындылары таныстырылды. Басқарма тарапынан жер ресурстарын тиімді басқару, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Қазіргі таңда Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 мың гектардан асады. Қала аумағындағы тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және өзге де мақсаттағы жерлердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.