АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Тұран ауданының Ақжар тұрғын алабында жер учаскелеріне өз бетінше иелік ету фактілері бойынша басқарма мамандары тарапынан аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз салынған тұрғын үйлер анықталып, меншік иелерін анықтау мақсатында Тұран аудандық полиция басқармасына және аудан әкімшілігіне тиісті хаттар жолданды. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы заңсыз иелік ету фактілерінің алдын алу және жерді мақсатты пайдалану бағытында мониторингтік жұмыстарды жалғастыруда.