
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпы қалалық сенбілік өтті. Акцияның басты мақсаты - қала тұрғындарын біріктіріп, аумақтарды қоқыстан тазарту, қоршаған ортаға қамқорлық таныту және экологиялық мәдениетті арттыру. Бұл жолы тазалық жұмыстары «Мирас» шағын ауданындағы шатқалда ұйымдастырылды. Қала аумағын қоқыстан тазарту үшін мекемелер өздеріне бекітілген учаскелерде санитарлық тазалау, қоқыс шығару жұмыстарын жүргізді. Жер қатынастары басқармасының қызметкерлері де белсене қатысып, өздеріне тиесілі аумақта тазалық жұмыстарын атқарды. Мұндай шаралар - табиғатқа қамқорлық танытудың, қоғамның бірлігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.