Алматыда жаңа білім береі жобасы – Жасанды интеллект мектебі өз жұмысын Алмалы ауданындағы комьюнити-орталықтар базасында бастайды. Бұл бастама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Qazaq IT Community серіктестігі аясында жүзеге асырылып, жастарды дамытуға бағытталған.
Жоба аясында алматылық жастар жасанды интеллект технологияларын тегін үйреніп, замануи АI-құралдарын меңгеріп, оларды оқу, зерттеу және болашақ кәсіби қызметінде қолдана алады. Оқу бағдарламасы машиналық оқыту алгоритмдерін, нейрондық желілердің негіздерін, деректермен жұмыс істеуді және АI-ды түрлі салаларда пайдалануды практикалық түрде оқытуды қамтиды.