Алматы комьюнити-орталықтары Отбасы банкпен бірлесіп, жастарға арналған қаржылық кеңес беру бағдарламасын іске қосты
Бағдарлама аясында қатысушылар қаржы саласындағы өзекті ақпараттарды алып, жеке бюджет жүргізудің негізгі қағидаларын меңгереді. Сарапшылар кірістер мен шығыстарды дұрыс басқару жолдарын түсіндіріп, жинақ жасау, несие алу, инвестиция салу туралы маңызды кеңестер береді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаржылық тұрақтылықты қалыптастыруға арналған практикалық ұсыныстар ала алады.
Кеңес алуға комьюнити орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес келуге болады. Кеңес беру күнін білу үшін өзіңізге ыңғайлы комьюнити орталыққа барып, толық ақпарат алуға болады.