Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков жастар ұйымдарының көшбасшыларымен MeetUP кездесуі өтті

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков жастар ұйымдарының көшбасшыларымен MeetUP кездесуі өтті

2025 жылдың 4 ақпанында Алмалы ауданының комьюнити- орталығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековпен MeetUP кездесуі өтті.

Іс-шараға қаланың барлық комьюнити-орталықтарының резиденттері, жастар ұйымдары мен ҮЕҰ көшбасшылары қатысты.

Іс-шара барысында жастар түрлі бағыттағы жобаларын таныстырып, оларды одан әрі дамыту мен қолдау мәселелерін талқылады. 💫

 Өз кезегінде Азамат Бескемпірұлы: «Алматы қаласының Әкімі жастарды қолдауға ерекше көңіл бөледі, ал ашық диалог пен нақты кейстерді талдау – жастар саясатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті. 👏🏻

Сонымен қатар, әкім орынбасары Алмалы ауданының комьюнити- орталығының жұмысымен танысып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.