Алматы жастары Алматы тау кластерінің құрылысына қолдау білдірді

Алматы жастары Алматы тау кластерінің құрылысына қолдау білдірді

Алматы жастары Алматы тау кластерінің құрылысына қолдау білдірді

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити-орталығында жастардың ЖШС «Almaty Tau Management» компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Алматы тау кластері жобасы таныстырылды.

Кездесуге басқарма төрағасы Жан-Пьер Барало, басқарма төрағасының орынбасарлары Александр Руденко мен Еркебұлан Сағынғанов, сондай-ақ PR және GR жөніндегі директор Анель Кошкенбаева қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға жобаның негізгі бағыттары, оның қала дамуы үшін маңызы және жастар үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды. Алматы тау кластері — тау аумақтарын кешенді дамытуға бағытталған ірі жоба. Ол өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға, экономиканың өсуіне және инвестициялық әлеуеттің күшеюіне ықпал етеді.

Жобаның экологиялық қырына ерекше назар аударылды. Спикерлердің айтуынша, кластерді дамыту табиғатты қорғау талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Бұл тау аймақтарын ретке келтіруге, ретсіз туризмнің әсерін азайтуға және таудағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба аясында «Шымбұлақ» және «Oi-Qaragai» курорттарын Кимасар, Бутаковка шатқалдары арқылы өтетін канат жолдары мен тау шаңғысы трассалары арқылы біріктіру жоспарлануда. Сонымен қатар «Pioneer» курорты да осы жүйеге қосылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жастар бастаманы қолдап, Алматы үшін заманауи, экологиялық және жан-жақты ойластырылған инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай жобалар қаланың жаңа даму нүктесіне айналып, ұлттық мақтанышқа негіз бола алады.