Профилактикалық кездесу студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, жастардың заңға және қоғамдық нормаларға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, құқықбұзушылық пен бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алуға, сондай-ақ лудомания мен ойынқұмарлықтың қауіптері туралы түсіндіруге және олардың алдын алу тетіктерімен таныстыруға бағытталған.
Сондай-ақ, лудомания, ойынқұмарлық және басқа да деструктивті тәуелділіктердің қауіп-қатері мен салдарын талқылау, студенттердің құқықтық сауаттылығын және түрлі азғырулар мен құқықбұзушылықтарға қарсы тұру қабілетін арттыру, жастарда жауапты мінез-құлық пен заңға құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
«Заң мен тәртіп» ұғымы – қоғамдағы тұрақтылықты қалыптастыратын, мемлекеттің беріктігін арттыратын әрі әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты тірек. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің жолдауларында Әділетті Қазақстан құру үшін заң үстемдігін, тәртіпті сақтау мен азаматтардың жауапкершілігін басты қағидат ретінде айқындады - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Бекқайыров Нұрсұлтан.
Іс-шараға Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі,
Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры,
Алматы қаласы ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры,
«Возрождение Live» оңалту орталығы директорының орынбасары және университет қызметкерлері қатысты.