Бірлік, тазалық және жауапкершілік: Алматыда 5 мың жас Жастар күнін атап өтті

Бірлік, тазалық және жауапкершілік: Алматыда 5 мың жас Жастар күнін атап өтті

Қалада Халықаралық жастар күніне арналған "ALMA LOVE" онкүндігі аяқталды. Алматы әкімінің қолдауымен биыл фестиваль жаңа форматта ұйымдастырылды.

Гранд-финалда қала дамуына үлес қосқан жас көшбасшылар мен еріктілерге Алматы әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.

Гала-концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары Dosekesh, Нұрболат Қанай, Еркеш Хасен, Yenlik өнер көрсетті. Ал кештің хедлайнері - Қайрат Нұртас.