Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Қазақ-Британ техникалых университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, тәжірибе мен ресурстар алмасуға бағытталған.
Тараптар жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, инновациялық бастамаларды қолдауға және ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға уағдаласты.
Қол қою рәсіміне Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек пен Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллин қатысты.