2 Ертіс орта мектебінің базасында Ертіс ауданының мектептеріндегі 11 сынып оқушыларына “Ұлттық біріңғай тестілеу -2025” тақырыбында кездесу өткізілді. Әдістемелік кабинет меңгерушісі Алмагүл Тұрсынқызы ҰБТ негізгі ережесімен, өткізілу форматы, өтініш беру және тестілеу мерзімі, тәртібі, апелляцияға өтінім беру туралы түсініктеме берді.