Бастауыш сыныпта заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын көтеру

Бастауыш сыныпта заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын көтеру

№2 Ертіс орта мектебінде қазақ тілінде оқытатын Ертіс аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныпта заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын көтеру» тақырыбында аудандық семинар өтті. “Бастауыш сыныпта
білім сапасын көтеру” бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Алмагүл Тұрсынқызы айтып өтті. Барлық келген ұстаздар арасында ынтымақтастық ортаны құру мақсатына негізделген тренинг өткізілді. А. Ахметбекованың қазақ тілі пәнінен «Сөз және оның мағынасы» тақырыбындағы ашық сабағымен жалғасты. Сабақта заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі құралдар мен платформалар қолдануымен бөлісті. Сонымен қатар «Бастауыш сыныптарда функционалды сауаттылықты дамытудың жолдары» мұғалім Г. Азамат және
«Болашақтың білімі-STEAM бастауыш мектепте оқыту» мұғалім А. Сарсенбаева,
«STEAM білім беру дегеніміз не?» мұғалім К. Мукашеваның шеберлік сыныптары өткізілді. Соңында семинар қатысушылары өз пікірлерін білдіріп, кері байланыс жасады.
Семинардың қорытындысын аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А. Садыкова өз тәжірибесімен бөліскен әріптестерге сертификат табыстады.