Белсенді оқыту әдістері арқылы білім сапасын қалай арттыруға болады?

Белсенді оқыту әдістері арқылы білім сапасын қалай арттыруға болады?

Ертіс ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде «Ортақ тәжірибе-сапалы білім кепілі» аудандық жоба аясында,  тірек магнит мектептерінің  жұмысы барысында  «Белсенді оқыту әдістері арқылы білім сапасын қалай арттыруға болады?» тақырыбында білім сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның  негізгі бағыттары: белсенді оқыту әдістері арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру, ЖИ (жасанды интеллект) құралдарын сабақта тиімді қолдану, функционалдық және оқу  сауаттылығын дамыту.  Семинар барысында мұғалімдер тиімді әдістермен бөлісіп, тәжірибе алмасу арқылы кәсіби байланыстарын нығайта алды және білім сапасын арттырудың нақты жолдарын ұсына білді. Әрбір ұсыныс – ертеңгі табысты сабақтың негізі, әрбір тәжірибе – оқушы жетістігінің баспалдағы. Бірге үйреніп, бірге дамығанда ғана – білім сапасы артады.