"Жасыл балабақша"атты іс-шара.

"Жасыл балабақша"атты іс-шара.

Бүгін Ертіс ауылының сәбилер бақшасында экологиялық тәрбие бағыты бойынша «Жасыл балабақшам» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндерге табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Балалар табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ойындар, танымдық тапсырмалар және шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға үлкен үлес қосады. 🌍💚