«Адал азамат» атты жарысы

«Адал азамат» атты жарысы

№4 Ертіс орта мектебінің базасында алғашқы әскери және техниқалық дайындық ұйымдастырушылары арасында кәсіби шеберлігін арттыру, патриоттық тәрбие беру және Отанға адал қызмет ету құндылықтарын насихаттау мақсатында «Адал азамат» атты жарысы жоспарға сәйкес өткізілді.
Жарыс барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, теориялық білімдерін, “АК-74 жартылай бөлшектеп, жинау”, Оқжатарды жарақтау, оқтан босату, “Мерген” жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларды отансүйгіштікке, тәртіпке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеудегі педагогикалық шеберліктерін дәлелдеді.
Жарыс қорытындысы бойынша: 25-40 жас аралығында
🥇I орын Карякин Константин Александрович №4 Ертіс орта мектебінің оқытушысы,
🥈II орын Бахриденов Санат Куаншевич Абай орта мектебінің оқытушысы,
🥉III орын Рысбек Нурканат Қызылжар орта мектебінің оқытушысы. 41 жастан жоғары буында
🥇I орын - Арынов Серик Аманжолович Панфилов орта мектебінің оқытушысы,
🥈II орын - Бекниязов Сайдаш Карбаевич №1 Ертіс орта мектебінің оқытушысы,
🥉III орын - Иманжапаров Мейрам Ашимович №2 Ертіс орта мектебінің оқытушысы.