Қазақстанда отандық және шетелдік инвесторлар іске асырып жатқан инвестициялық жобалар пулы жарияланды

Қазақстанда отандық және шетелдік инвесторлар іске асырып жатқан инвестициялық жобалар пулы жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында биылғы ақпан айында Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды. Үкімет инвестициялық жобалар пулын әзірледі. Оған шикізаттық емес секторларда 500 млн теңгеден басталатын, әр түрлі сатыдағы отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілген. Пул жалпы сомасы шамамен 24,14 трлн теңге болатын әлемнің 30-дан астам елінен 761 инвесторлар жобасынан тұрады және 108 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді.

Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы - https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/page/12054?lang=kk


Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kazakstanda-otandyk-zhane-sheteldik-investorlar-iske-asyryp-zhatkan-investiciyalyk-zhobalar-puly-zhariyalandy-831655