АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту

АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту

ҚР Премьер – Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының жұмысына қатысу шеңберінде АҚШ-қа сапары барысында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі ірі америкалық компаниялармен дөңгелек үстел өткізді.

 Іс-шараға «Primus Power», «Tyson Foods», «Valmont», «CITI Group», «Sierra Nevada Corporation», «Agricultural Solutions Group», «Chevron», «Auerbach Grayson & Co», «Marco Polo Securities», «Viacom CBS», «Merck», «Mount Sinai Health System» сияқты 20-дан астам американдық компаниялардың өкілдері қатысты. Тараптар өзара іс-қимылдың және экономиканың басым секторларында жаңа инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарын талқылады.

Өзінің құттықтау сөзінде Мұхтар Тілеуберді америкалық бизнес тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жетістіктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі, машина жасау, химия, металлургия, мұнай өңдеу, көлік және логистика сияқты басым секторлардағы екіжақты қатынастарды тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу шеңберінде ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің Төрағасы Ардақ Зебешев америкалық тарапқа Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетін таныстырды, сондай-ақ кездесу қатысушыларын инвестицияларды тартудың мемлекеттік жүйесінде қолданылатын жаңа тәсілдермен, преференциялармен және Қазақстандағы шетелдік бизнестің жұмысы үшін қолайлы ахуал жасайтын басқа да құралдармен таныстырды.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына $360 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Осы уақыт аралығында Қазақстан бірқатар кең ауқымды реформалар жүргізді, салық, кәсіпкерлік және кеден кодексіне қажетті түзетулерді қабылдады, бұл экономиканы жоспарлы түрде әртараптандыруға және бизнесті табысты жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етті. Халықаралық тәжірибені зерделей отырып, бүгінде Қазақстан әлеуетті инвесторларға жан - жақты қолдау көрсетуде», - деп атап өтті Ардақ Зебешев сөз сөйлеу барысында.

Іс-шара қорытындысы бойынша, Министр Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша американдық «Tyson Foods», «Valmont», «Agricultural Solutions Group», «Morgan Stanley» және «Citi Group» компанияларының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Бұдан басқа, сапар шеңберінде ҚР СІМ Инвестициялар комитеті және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бірқатар әлеуетті америкалық инвесторлармен келіссөздер жүргізілді, олардың ішінде «EDJ Associates», «MedCore Health Group», «Sierra Nevada Corporation», «Muhammad Hunter Jugger LLC», «Larea Wealth Management», «The Bunchful Awards», «Black Rock», «DNA Legacy Group», «Primus power» және т. б. бар.  

Екіжақты кездесулер аясында америкалық серіктестерге ҚР іскерлік ахуалы таныстырылды, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастықты нығайту бойынша одан арғы қадамдар айқындалды.

Сонымен, АҚШ Геологиялық барлау қызметінің ірі консалтингтік компаниялары мен серіктестерінің бірі «EDJ Associates» компаниясының келіссөздері барысында тау-кен өнеркәсібіндегі нақты инвестициялық ұсыныстар таныстырылды. Өз кезегінде, компания басшысы Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалап, елдегі қызметті кеңейтуге, сондай-ақ АХҚО алаңында компанияның өкілдігін ашуға мүдделілігін атап өтті.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында мамандандырылған «MedCore Health Group» компаниясының өкілдеріне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша инвесторлар тарапынан Қазақстан Республикасында оқу орталығын, инновациялық диагностикалық зертхананы және медициналық қызмет көрсету орталығын ашу жөніндегі жобаны іске асыруға қызығушылық білдірілді.

«Muhammad Hunter Jugger LLC» компаниясының Төрағасымен кездесу аясында ауыл шаруашылығы, құрылыс және т. б. салалардағы бірқатар қолданыстағы және жаңа инвестициялық жобалар бойынша мәселелер талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша американдық бизнес тарапынан Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылық байқалды.

         Қазақстандық делегацияның сапарын АҚШ-тағы ҚР Елшілігі, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.