Астана, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «PepsiCo» компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша Президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Тараптар компанияның Қазақстандағы ағымдағы жобаларының іске асырылу барысын және болашақ инвестициялық жоспарларды талқылады.
Кездесу барысында Алматы облысында тұзды тағамдар өндіретін зауыттың құрылыс барысына ерекше назар аударылды. Жобаның бірінші кезеңі аясында 160 млн АҚШ долларына инвестиция қарастырылған. Компания жобаның екінші кезеңін іске қосу арқылы инвестиция көлемін екі есеге арттыру жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Жоба толық іске қосылғанда кәсіпорында 900-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылып, қуаттылығы үш есеге артады. Кәсіпорын жылына 210 000 тоннаға дейін картоп өңдеп, шамамен 70 000 тонна дайын өнім шығаратын болады. Бұл өндірістік алаң «PepsiCo»-ның аймақтағы жабдықтау тізбегінің негізгі бөлігіне айналып, ішкі және Орталық Азия елдеріндегі өсіп жатқан сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда зауыттың бірінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Д. Манзини бұл жоба «PepsiCo» компаниясының Орталық Азиядағы ең ауқымды жобасы екенін және өңірде алғаш рет осындай ірі инвестициялық бастама қолға алынып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде 15 қазақстандық фермермен картоп жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған, бұл компанияның шикізат базасын жергілікті деңгейде дамытуға бағытталған стратегиясын көрсетеді. Өндірісті іске қосу 2026 жылдың көктеміне жоспарланған.
Компания жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру ниетін растады. Бұл кезеңде кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы үш есеге дейін артады. «PepsiCo» стратегиясының маңызды бөлігі – шикізатты толықтай жергілікті фермерлерден алу. Осы мақсатта 2035 жылға дейін чипстік картоптың барлық көлемін Қазақстанда өсіру жоспарланып отыр.
Ә. Қуантыров Қазақстан үкіметі трансұлттық компаниялардың агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті: «PepsiCo жобаларын біз еліміздегі өңдеу саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Өңдеу үлесін арттыру, келісімшарттық фермерлікті дамыту, жоғары қосылған құны бар экспорттық өнім өндіру – мұның бәрі Қазақстанныңаларын біз еліміздегі өңдеу саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Өңдеу үлесін артт
Өз кезегінде Д. Манзини Қазақстан билігінің шетелдік инвесторларға көрсетіп отырған қолдауына тоқталды: «Мұндай ауқымды жобаны қысқа мерзімде нөлден бастап жүзеге асыру тек орталық және жергілікті деңгейдегі билік органдарының қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып отыр, бұл бізге инвестицияны айтарлықтай арттырып, жобаны кеңейту туралы шешім қабылдауға негіз болды. Жобаны үйлестіру мен туындаған мәселелерді шешуде Kazakh Invest тарапынан көрсетіліп отырған кәсіби қолдауды ерекше атап өткім келеді – бұл қолдау жобаның табысты жүзеге асырылуында шешуші рөл атқарады».
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны тиімді іске асыру және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.