Қазақстан СІМ еріктілердің еңбегін жоғары бағалайды

Қазақстан СІМ еріктілердің еңбегін жоғары бағалайды

Астана, 2024 жылғы 24 қыркүйек Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінде ауқымды халықаралық іс–шара - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындауға және өткізуге қатысқан еріктілерге сыртқы саясат ведомствосы басшылығының Алғыс хаттарын тапсыру рәсімі өтті. Осымен, ойындарды сәтті өткізуге үлес қосқан еріктілердің еңбекқорлығы және олардың адалдығы атап өтілді. Еріктілер іс-шараны өткізу кезеңінде шетелдік қонақтар мен журналистерге көмек көрсете отырып, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Әлеуметтік даму мен азаматтық жауапкершіліктің маңызды элементі ретінде еріктілік қозғалыстың маңыздылығын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым атап өтеді. Еріктілердің үлесі осындай ауқымды іс-шараларды табысты іске асыруға ықпал етіп қана қоймай, қоғамдағы өзара көмек, жәрдем және ынтымақтастық рухын нығайтады. Еріктілердің жұмысы әлеуметтік белсенділік пен қолдаудың үлгісі болып табылады, бұл елдің дамуы мен халықаралық байланыстарға едәуір әсер етеді.

Сыртқы істер министрлігі еріктілер алған тәжірибе олардың одан әрі жеке және кәсіби дамуына ықпал ететініне сенім білдіреді, сондай-ақ болашақта ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенеді.