Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді.