Комитеттердің қызметін оңтайландыру және қоғамдық бақылауды күшейту ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің назарында

Комитеттердің қызметін оңтайландыру және қоғамдық бақылауды күшейту ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің назарында

Астана, 2023 жылғы 23 маусым – Кеше өткен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында Кеңес комитеттері төрағаларының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өз жұмысының қорытындылары туралы баяндамалары тыңдалды.

Кеңес тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің шетелдегі азаматтармен жұмысына мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды. Қоғамдық мониторинг жүргізу жоспары Кеңес мүшелері мен Консулдық қызмет департаменті қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен әзірленетін болады.

Осыған байланысты Консулдық қызмет департаменті директорының шетелдегі азаматтарымызбен жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.

Жалпы дауыс беру арқылы Кеңес комитеттерінің жұмысы реформаланып, Қоғамдық кеңес құрамында үш бос орынға қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылданды.

Кеңес мүшесі, депутат Азат Перуашев Сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі комитетіне заңсыз әкетілген активтерді қайтару мәселесіне қосылуды тапсыруға бастама көтерді.

Кеңестің тағы бір мүшесі, белгілі ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Қоғамдық кеңес комитеттерінің Сыртқы істер министрлігінің тиісті департаменттерімен тығыз қарым-қатынас жасау қажеттігін атап өтті.

Қоғамдық кеңес Министрлікпен нәтижелі өзара іс-әрекетке мүдделі және Кеңес комитеттерінің қызметі мен оның жекелеген мүшелерінің бастамалары шеңберінде белсенді ынтымақтастықты жалғастырады.