Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2023 жылғы 10 сәуір

Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2023 жылғы 10 сәуір

Мазмұны:

  • Таяу Шығыстағы жағдай туралы;
  • Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің Ресей Федерациясына ресми сапары туралы;
  • Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысуы туралы;
  • Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің «Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуы туралы;
  • Қазақстандық делегацияның Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы жыл сайынғы Көктемгі сессияларына қатысуы туралы;
  • Қазақстан мен Сингапур сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар туралы;
  • Қазақстан мен Оңтүстік Корея сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар туралы;
  • Босқындар мәселелері жөніндегі Жаһандық форумға дайындық туралы;
  • БҰҰ-ның Азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитеті делегациясының Қазақстанға сапары туралы.

 

 

  1. Таяу Шығыстағы жағдай туралы

Қазақстан қасиетті «Әл-Ақса» мешітінде мұсылмандарға шабуыл жасалуына байланысты Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуіне қатысты өзінің алаңдаушылығын білдіреді.

Қалыптасқан жағдайда тараптар ұстамдылық танытып, зорлық-зомбылыққа және ахуалдың одан әрі ушығуына әкелетін қадамдардан, сондай-ақ арандату іс-әрекеттерінен бас тартады деп үміттенеміз.

Осы ретте статус-кво сақтауды маңызды деп санаймыз. Қасиетті Рамазан айы мен Песах мейрамы кезеңінде саяси, діни және қоғамдық көшбасшылар бұл шиеленісті азайтуға бар күшін салады деп үміт білдіреміз.

Қазақстан әрдайым толеранттық және діндер арасындағы диалогты нығайтуға шақыра отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Таяу Шығыс мәселесін бейбіт жолмен шешуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдайды.

 

 

  1. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің Ресей Федерациясына ресми сапары туралы

2023 жылғы 11 сәуірде Ресей тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ресей Федерациясына ресми сапары өтеді.

Сапар аясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Ресей Президентінің Халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен кездесуі мен келіссөздері жоспарлануда. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды талқылайды.

 

  1. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысуы туралы

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы 14 сәуірде Самарқанд қаласында өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысады.

Отырыс барысында ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі қарастырылады, сондай-ақ Достастық алаңында көпжақты ынтымақтастықты белсендету бойынша нақты ұсыныстар талқыланады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтеді.

Отырыста саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдау, сондай-ақ ағымдағы жылы жоспарланған ТМД Үкіметтер басшыларының кеңесі мен Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырыстарына шығару үшін бірқатар құжаттардың жобаларын мақұлдау жоспарлануда.

 

  1. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің «Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуы туралы

2023 жылғы 14 сәуірде Самарқанд қаласында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің алтыншы отырысына қатысады.

Алдағы кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 2022 жылғы 14 қазанда Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Ресей» бірінші саммитінің қорытындыларын ескере отырып, алтыжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылайды.

 

Сонымен қатар, делегация басшылары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, индустриялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды.

 

  1. Қазақстандық делегацияның Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы жыл сайынғы Көктемгі сессияларына қатысуы туралы

2023 жылғы 10-16 сәуірде Вашингтон қаласында (АҚШ) Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы Көктемгі сессиялары өтеді. Олардың шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бастаған қазақстандық делегацияның халықаралық қаржы институттары мен рейтингтік агенттіктердің басшылығымен, сондай-ақ АҚШ-тың іскер топтарымен және сарапшылар қауымдастығымен кездесулері көзделген.

 

  1. Қазақстан мен Сингапур сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар туралы

2023 жылғы 11 сәуірде Астанада Қазақстан мен Сингапурдың сыртқы саяси ведомстволары арасында екіжақты саяси консультациялардың 3-ші раунды өтеді. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш, Сингапур делегациясын - Сыртқы істер министрлігі Тұрақты хатшысының орынбасары Энг Тек Хин басқарады.

Іс-шара барысында тараптар Қазақстан-Сингапур қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, мәселелердің саяси блогын, жоғары деңгейдегі алдағы сапарлар кестесін талқылайды, өңірлік және көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады.

 

  1. Қазақстан мен Оңтүстік Корея сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар туралы

2023 жылғы 14 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чой Ёнг Сам бастаған Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы саяси ведомстволары арасында екіжақты саяси консультациялардың 12-ші раунды өтеді.

Саяси консультациялар барысында тараптар саясат, экономика, мәдениет, білім және т.б. салалардағы Қазақстан-Корея қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылайды. Сонымен қатар, көпжақты құрылымдар аясындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарлануда.

 

  1. Босқындар мәселелері жөніндегі Жаһандық форумға дайындық туралы

2023 жылғы 13 сәуірде Алматыдағы Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдігінің ғимаратында (UN Plaza) 2023 жылғы 13-15 желтоқсанда Женева қаласында өтетін Босқындар мәселелері бойынша Жаһандық форумға дайындық бойынша субөңірлік дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға босқындар және азаматсыздық мәселелерімен айналысатын Қазақстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның салалық министрліктердің жоғары деңгейдегі өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Іс-шара барысында халықаралық қоғамдастықты босқындардың қолдауына күш-жігерді арттыруға шақыратын Босқындар туралы жаһандық шартты іске асырумен байланысты жаңа міндеттемелердің талқылануы жоспарлануда.

 

  1. БҰҰ-ның Азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитеті делегациясының Қазақстанға сапары туралы

2023 жылғы 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитетінің делегациясы Қазақстанға сапар жасады.

Сапар барысында делегация мүшелері Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, ҚР Конституциялық сотының төрайымымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, сондай-ақ Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАМ) мүшелерімен, азаматтық қоғам және БҰҰ құрылымдары өкілдерімен кездесті. Кіші комитеттің сарапшылары азаптауды болдырмауда маңызды рөл атқаратын Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің мүшелерімен кездесу барысында оның қызметімен танысты (ҰАМ Қазақстанда 2013 жылғы 2 шілдедегі тиісті Заң негізінде құрылды).

Сапар барысында Кіші комитет түрмелерде, тергеу және уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ полиция бөлімшелері мен қамауда ұстау орындарда болды. Бұл Азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитетінің елімізге екінші сапары (бірінші сапары 2016 жылы өтті).

Жалпы, бұл сапар Мемлекет басшысымыздың саяси реформаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелер мен ұсынымдарды жүзеге асырудағы ашықтығын әрі бейілділігін растағанын атап өткен жөн.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаптауға мүлдем төзбеушілікті жариялағаны мәлім. Мемлекет басшысы азаптау кез келген прогрессивті қоғамның қағидаттарына қайшы келетінін атап өтіп, азаптауға қарсы күрес тәжірибесін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы конвенциясына сәйкестендіру қажеттігін тапсырды. Азаптауға мүлдем төзбеушілік саясаты аясында ағымдағы жылдың 17 наурызында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қою маңызды қадам болды.

БҰҰ-ның Азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитеті 6 ай ішінде Қазақстан Үкіметіне бас бостандығынан айырылған адамдарға қатысты азаптаудың және басқа да қатыгездік пен жазалаудың алдын алу бойынша өзінің ескертулері мен ұсынымдарымен есеп ұсынады.