Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 27 ақпан

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 27 ақпан

Мазмұны:

1. Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы және саяси консультациялардың бірінші раунды туралы;

2. Қазақстан және ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі және оны іске асыру туралы;

3. Қазақстан-Литва сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялары туралы;

4. Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші Министрлік конференциясы туралы;

5. COVID-2019 коронавирус эпидемиясына қатысты;

6. Коронавирустың кең таралуына байланысты эпидемиялық қолайсыз елдердегі ҚР азаматтарына қатысты.

 

 

1. Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы және саяси консультациялардың бірінші раунды туралы

 

27-28 ақпанда Исламабад қаласында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтеді. Қазақстан тарапынан тең төраға ретінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев болады, ал Пәкістан тарапынан - Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сохейл Махмуд.

Бұл күндері екіжақты сыртқы саяси ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Қазақстан-Пәкістан саяси консультацияларының бірінші раунды өткізуі жоспарланып отыр.

Қазақстандық делегация басшысының Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының депутаттары (ПИР Парламентінің төменгі палатасы) Қазақстан-Пәкістан парламенттік достық тобының мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары және Пәкістан жетекші талдау орталықтарының өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Бұл іс-шаралар Қазақстанның Пәкістанмен ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін береді деп күтілуде.

 

2. Қазақстан және ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі және оны іске асыру туралы

 

2020 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) толық күшіне енеді деп жоспарлануда.

Еліміз Еуропалық Одақпен осындай деңгейдегі келісімге қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы ел болып табылады.

Бұл келісім стратегиялық сипаты және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын айқындап, ең алдымен ұзақ мерзімді перспективаға арналған сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттыру үшін қажетті база жасайды.

Келісім қазақстандық және еуропалық кәсіпкерлердің табысты қызметі үшін нақты жағдайларды қамтамасыз ету, біздің компаниялар арасындағы өзара іс-қимылды шоғырландыру, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ азаматтары арасындағы байланыстарды нығайту үшін практикалық құрал болып табылады.

2020 жылғы 1 наурызда қазақстан-еуропалық қарым-қатынастардағы сапалы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді, өйткені осы сәттен бастап Қазақстан мен Еуропалық Одақ нақты 29 бағытты қамтитын Келісімнің барлық ережелерін толық имплементациялауға кірісе алады.

Атап айтқанда, екі тарап ҚР-ЕО халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, сауда, инвестициялар, инфрақұрылымды дамыту, инновация және визалық рәсімдерді жеңілдету саласындағы қарым-қатынастардың әлеуетін ашуға бағытталған.

Қазақстан біздің негізгі сауда және инвестициялық әріптесіміз болып табылатын Еуропалық Одақпен жемісті өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуға нақты бағытталған, Одақтың үлесіне бүгінде қазақстандық сыртқы сауда айналымы мен еліміздің экономикасына инвестицияның шамамен жартысы келеді.

Мысал ретінде 2019 жылы Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 31,3 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 24,7 млрд., импорт-6,6 млрд.АҚШ долл.), 2018 жылы – 37,7 млрд. АҚШ доллар (экспорт – 31 млрд. АҚШ долл., импорт – 6,7 млрд.) құрады. 2015-2018 жылдар аралығында өсу динамикасы – 20%-да байқалды.

ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық деректері бойынша 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанға Еуропалық Одақ елдерінен 5,4 млрд. АҚШ. ЕО-дан тікелей шетелдік инвестициялар соңғы 15 жылда шамамен 150,9 млрд. АҚШ долларын құрады, инвестициялардың жалпы көлемінің 49% - ға жуығы.

 

3. Қазақстан-Литва сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңес туралы

 

2-3 наурызда Вильнюсте Қазақстан-Литва сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялары өтеді. Іс-шараға Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймухан қатысады, ал Литвадан - Сыртқы істер вице-министрі Далюс Чекуолис қатысады.

Консультациялар барысында екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылауы жоспарлануда.

Сонымен қатар, сапар аясында азық-түлік өнеркәсібі мен энергетика саласындағы жетекші литвалық компаниялармен кездесулер өтеді. Сондай-ақ, 3 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Литва Ұлттар үйінде Әл-Фараби кабинетінің ашылуына қатысады деп күтілуде.

 

4. Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші Министрлік конференциясы туралы

 

2020 жылдың 8-11 маусым аралығында Қазақстанда алғашқы рет Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші Министрлік конференциясы өтеді.

Нұр-Сұлтандағы ДСҰ конференциясында жаһандық сауданың өзекті күн тәртібін талқылау және тиісті шешімдер қабылдау үшін ұйымға мүше 164 елдің сауда министрлерінің жиналуы жоспарлануда. Және алдағы конференцияның маңызды тақырыптарының бірі әлемдегі соңғы оқиғалар аясында өте өзекті ДСҰ-ны реформалау мәселесі болады.

ДСҰ министрлік конференциясы Дүниежүзілік сауда ұйымының жоғары органы болып табылады. Ол жаһандық нарықтар мен экономикалардың жағдайына әсер етуі мүмкін халықаралық сауда саласында маңызды шешімдер қабылдауға уәкілетті. Сондықтан ДСҰ-ның осы жаһандық іс-шарасы әлемдік саудаға қатысушылардың назарын аударып, сол арқылы әлемдік экономика үшін маңызды мәнге ие.

БАҚ өкілдері үшін іс-шараға тіркелу 2020 жылдың 29 мамырына дейін жалғасып, келесі сілтеме бойынша қабылданады: https://eregistration.wto.org/en/mc12/media/register/step-1.

Аккредитацияға қатысты басқа да сұрақтар бойынша келесі байланыс телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (7172) 72 00 11

 

5. COVID-2019 коронавирус эпидемиясына қатысты

 

COVID-2019 коронавирусынан туындаған эпидемияның таралуына байланысты ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен эпидемиялық қолайсыз елдердің санаттары жаңартылды.

Осыған орай, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына бірінші санаттағы елдерге барудан бас тартуға шақырып, екінші санаттағы елдерге жоспарланған сапарларын мүмкіндігінше кейінге шегеруді ұсынады. Ал, қазіргі уақытта жоғарыда аталған санаттардағы елдерде жүрген азаматтарымызды барлық медициналық сақтық шараларын сақтап, сондай-ақ елге оралғаннан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің карантиндік режимді сақтау жөніндегі ұсынымдарын ұстану қажеттігіне назар аударамыз.

Сонымен қоса, туристтік фирмалар, ұйымдар мен компанияларды өз тұтынушылары мен әріптестеріне аталған елдерге туристтік, қызметтік және басқа да мақсаттардағы сапарларды шектеген мақсатқа сай екендігін жеткізуге шақырады.

 

6. Коронавирустың кең таралуына байланысты эпидемиялық қолайсыз елдердегі ҚР азаматтарына қатысты

 

Біздің Сеулдағы Елшілік тарапынан азаматтарымызды Оңтүстік Кореядағы коронавирусқа қатысты ақпараттандыру бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Дипломаттарымыз отандастарымызбен мессенджер, әлеуметтік желілер арқылы байланыс орнатып, қажетті ақпаратты ресми интернет-ресурстарда орналастыру арқылы және телефон арқылы хабарлауда.

Сонымен қатар, жедел штаб құрылып, WhatsApp мессенджерінде арнайы чат құрылып, тәулік бойы жедел желі телефоны жұмыс істеуде. Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алу жұмысы күнделікті жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 35 мыңнан астам азаматы бар, оның ішінде шамамен 12 мың адам заңсыз жүргендер. Ал консулдық есепте небәрі 848 адам тұр.

Белгілі болатындай, 1 наурыздан бастап Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы рейстер қысқартылатын болады. Осыған байланысты, Оңтүстік Кореяда жүрген азаматтарымызды осы шектеу күшіне енгенге дейін елге оралуға шақырамыз.

Қазақстанның Италиядағы Елшілігінде де жедел штаб құрылып, ол біздің азаматтарымызды мессенджер мен әлеуметтік желілер арқылы, елшіліктің ресми сайты мен жедел желі телефондары арқылы ақпараттандырып отырады.

Біздің мәліметтеріміз бойынша Италияда қазір 1800-ге жуық ҚР азаматтары тұрады. Олардың 673 ғана азаматымыз консулдық есепке тұрған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, вирус жұқтырғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Ирандағы Қазақстан дипломаттары да болу еліндегі эпидемиялық жағдайды бақылауда және барлық азаматтарымызбен байланыста. Вирус жұқтырғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазіргі уақытта Иран аумағында 170 азаматымыз уақытша тұруда. Консулдық есепте 119 азаматымыз бар. Әр дүйсенбі сайын Тегеран-Алматы-Тегеран рейсі қатынап келді. Қазіргі уақытта әуе қатынасы тоқтатылды.