Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 13 қаңтар

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 13 қаңтар

Мазмұны:

  1. ҚР Сыртқы істер министрінің «ҚР - ЕО» Ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысына қатысуы туралы;
  2. Қазақстан-словак іскерлік «дөңгелек үстелі» туралы;
  3. АҚШ пен РФ-те консулдық телеграм-боттарының ашылуы туралы.

 

1. ҚР Сыртқы істер министрінің «ҚР - ЕО» ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысына қатысуы туралы

 

20-21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысына қатысады.

Іс-шара барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылау, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарлануда. Сапар аясында Министрдің Еуропалық Комиссияның, Еуропалық Парламенттің және Бельгия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ресми тұлғаларымен кездесулері жоспарланған.

 

2. Қазақстан-словак іскерлік «дөңгелек үстелі» туралы

 

21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Қазақстан-словак іскерлік «дөңгелек үстел» өткізу жоспарлануда.

Бұл іс-шараға мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдері, сондай-ақ екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысады.

Осы іс-шара барысында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы аясында екі елдің экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Бизнес-форумға энергетика, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі, инжиниринг және тамақ өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, метрология және гидрология және т. б. салаларында жұмыс істейтін 20-дан астам словак компаниясының өкілдері қатысады.

Словак серіктестерімен ынтымақтастыққа мүдделі қазақстандық компаниялар іс-шараға қатысуға шақырылады. Қатысу мәселелері бойынша «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ-на (Алтынай Мұқанова, a.mukanova@invest.gov.kz) хабарласуға болады.

 

3.      АҚШ пен РФ-те консулдық телеграм-боттарды ашу туралы

Қазақстанның АҚШ-тағы және Ресей Федерациясындағы елшіліктері консулдық бөлімнің жұмысы мен қызметтері туралы негізгі сұрақтарға жауап беруге арналған телеграм-боттарды іске қосқанын хабарлаймыз. 

Телеграм-бот түсіндіру сипатында, яғни консулдық қызметтер туралы негізгі ақпаратты (құжаттар тізбесі, орындау мерзімдері және т.б.) қамтиды. Онда мәтінді тану алгоритмі қарастырылған (жұмыс істеу қағидасы: өңірді енгізіп – тиісті Қазақстанның шет елдегі мекемесінің мәліметтерін алуға болады). Бұл ретте бот көмегімен өтінішті қарау кезеңін бақылап отыруға болады.

Қолданушы ұсынылған жауаптардағы пункттерінің бірін таңдау қажет. Бұдан әрі пайдаланушы қажетті жауаптар бойынша әрі қарай жылжып отырады. Оның қызметтерін пайдалану үшін телеграмның тіркелген пайдаланушысы болу керек.

Бот @Consularkz_bot және @Consulkzusabot үнемі дамытылып отырады және тек сіздердің көмектеріңіз арқылы нағыз интерактивті көмекшіге айналатын болады. Оны белсенді пайдалануға шақырамыз. Бот жұмысы бойынша өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тікелей чат немесе консулдықтардың электрондық мекенжайларына жіберуге болады.