Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 18 желтоқсан

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 18 желтоқсан

Мазмұны:

1) ҚР Премьер-Министрінің АҚШ-қа жұмыс сапарының қорытындысы туралы;

2) ҚР Сыртқы істер министрінің Вашингтонға сапарының қорытындысы туралы;

3) ҚР Сыртқы істер министрінің Мадридке сапарының қорытындысы туралы;

4) Бурдж-Халифа ғимаратының бетіндегі Қазақстанның туы туралы;

5) Каирде қазақстандық дипломаттың қаза болуы туралы.

 

1. ҚР Премьер-Министрінің АҚШ-қа жұмыс сапарының қорытындысы туралы

Өздеріңізге белгілі болатындай, соңғы уақытта Қазақстан-Америка қарым-қатынастары белсендене түсуде.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 23-25 қыркүйектегі Нью-Йорк қаласына сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру және Қазақстан Республикасы мен Құрама Штаттар арасындағы екі жақты инвестициялық және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында 2019 жылғы 8-10 желтоқсанда ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Небраска (Омаха, Дакота сити қалалары), Арканзас (Спрингдейл қаласы) және Сан-Франциско қаласында жұмыс сапарымен болды.

Сапар аясында АҚШ-тағы ірі ет өнімдерін өндіруші – «Tyson Foods» компаниясының басшылығымен екіжақты кездесулер болып өтіп, оның барысында америкалық агробизнестің көшбасшыларын Қазақстанда ет өңдеу және суару жүйелерін өндіру бойынша кәсіпорындарды ашуға инвестиция салу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Омах қаласында ҚР Премьер-Министрі АҚШ суару жүйелері нарығындағы көшбасшы-компаниясы «Valmont Industries» басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Асқар Маминнің қатысуымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Kusto Group» және «Valmont Industries» қазақстандық компаниясы арасында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын тиімді суару және өнімділігін жақсарту принциптері туралы келісімге қол қойылды.

Құжат Қазақстанда 2022 жылы қуаты жылына 1 мың фронталды және айналмалы суару машиналарын шығаратын «Valley» ирригациялық қондырғыларын өндіретін зауыт салуды көздейді. Америкалық ирригация технологиялары өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығындағы су шығынын 50% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Сан-Франциско қаласында Үкімет басшысы инновациялық және цифрлық даму, венчурлік қаржыландыру және энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.

Премьер-Министр сапар аясында «Tesla» компаниясының кеңсесі мен зауытына барып, компания басшылығымен кездесу шеңберінде Қазақстанда май құю станциялары желісін кеңейту және электромобильдерге арналған сервис-орталықтарын ашу мәселелерін талқылады.

 

2. ҚР Сыртқы істер министрінің Вашингтонға сапарының қорытындысы туралы

12-13 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік хатшысының Майк Помпеоның шақыруы бойынша Қазақстанның сыртқы істер Министрі Мұхтар Тілеубердінің Вашингтонға ресми сапары орын алды. 

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша көпжоспарлы өзара іс-қимылмен сипатталатын кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті. 

Мұхтар Тілеубердінің Вашингтон қаласына сапары АҚШ мемлекеттік департаментінде өзінің әріптесі Майк Помпеомен екіжақты кездесуінен басталды. Сондай-ақ, сапар аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен және Қазақстанның «Достар тобынан» АҚШ конгрессмендерімен бірқатар келіссөздер өткізді.

Сыртқы саяси күн тәртібіндегі экономикалық дипломатияның басымдылығын ескере отырып, СІМ басшысы Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы штаб-пәтеріне барды. Банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша Вице-президенті Сирил Мюллер кездесу барысында тараптар Қазақстан мен банк тобының қаржы институттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. С. Мюллер Дүниежүзілік Банктің директорлар Кеңесі 2020-2025 жылдарға арналған Дүниежүзілік банктің Қазақстанмен серіктестік стратегиясын мақұлдағанын хабарлады.

Экономикалық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылады. 2019 жылғы қаңтар-қазанда екіжақты тауар айналымы 1,8 млрд. Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 682 млн. АҚШ доллары, ал АҚШ-тан Қазақстанға импорт 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға американдық инвестициялар 5.3 млрд. АҚШ долларын құраған. Тұтастай алғанда, АҚШ-тан Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2005 жылдан бастап шамамен 40 млрд. АҚШ. долларын құраған.

АҚШ-қа ресми сапарының екінші күні Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберди Құрама Штаттардың талдау және қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесулер өткізді.

 

3. ҚР Сыртқы істер министрінің Мадридке сапарының қорытындысы туралы

15-16 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберди Испанияға «Азия-Еуропа» форумының Сыртқы істер министрлерінің 14-ші кеңесіне қатысу үшін екі күндік сапармен келді. Іс-шараға сондай-ақ Азия мен Еуропаның 51 елінің, Еуропалық Одақ пен АСЕАН елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.

Азия мен Еуропа арасындағы тұрақты өзара байланысты құруға арналған пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде Министр Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Қазақстан СІМ басшысы Қазақстан тарапы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясатының басымдықтарына сәйкес қолға алған күш-жігері туралы айтып берді. Қазіргі уақытта «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобалар табысты жүзеге асырылуда.

ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізу және халықаралық жасыл технологиялар орталығын және инвестициялық жобаларды іске қосу контексінде «жасыл экономикаға» көшу тақырыбына ерекше назар аударылды. Азия мен Еуропа арасындағы қаржы және технологиялық желілерді дамыту мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Астана хаб» халықаралық IT стартап паркі және Назарбаев Университеті сияқты Қазақстандық бастамаларды пайдалануды ұсынды.

СІМК аясында қатысушылар халықаралық саясаттың, соның ішінде ядролық таратпау, киберқауіпсіздік, Сирия мен Ауғанстандағы жағдай және климаттың өзгеруі саласындағы өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс – шара аясында Министр М. Тілеуберди Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллмен және ҚХР, Ирландия, Люксембург, Латвия, Индонезия, Польша, Венгрия, Болгария, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Сингапур, Таиланд және Словакия елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Министр Мұхтар Тілеубердіні әріптестері ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің халқына одан әрі өркендеу мен ілгерілеу тіледі.

 

4. Бурдж-Халифа ғимаратының бетіндегі Қазақстанның туы туралы

Кеше әлемдегі ең биік ғимараты Бурдж-Халифаның бетінде бейнеленген Қазақстанның туы арнайы қаржыландыру арқылы пайда болды деген ақпарат шықты.  Шын мәнінде, бұл бастама Дубай әмірлігінен шыққан. Бұл тегін шара. Мұндай тәжірибе осыған дейін де болған. Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің тулары болды. Айта кететін жайт, тура сол күні Бурдж-Халифа бетінде Бахрейннің де туы бейнеленді. 

 

5. Каирде қазақстандық дипломаттың қаза болуы туралы

2019 жылы 13 желтоқсанда сағат 11:15-те Мысырдағы Қазақстан елшілігінің екінші хатшысы Жолдасов Еламанның жұбайы үй кіреберісінде өзінің пәтер есігінің алдындағы баспалдақ алаңында күйеуінің денесін тапты.

Ол бірінші кезекте бұл туралы елшілікке хабарлады. Дипломаттар 5-7 минут ішінде келіп, осындай жағдайларда барлық қажетті шараларды қабылдады. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, прокуратура мен криминалдық полицияның тергеу топтары шақырылды. Сонымен қатар, 15 желтоқсанда Каирге қызметтік тексеру жүргізу үшін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері жіберілді.

Қазіргі уақытта Египет прокуратурасы бұл іске қатысты тергеу жүргізуде.

Тергеу шеңберінде қызметкердің мәйітіне сот-медициналық сараптау жүргізілді, оның нәтижелері жақын арада қазақстандық тарапқа берілетін болады. Сыртқы істер министрлігі дипломаттың денесі Қазақстанға жеткізілгеннен кейін қосымша сот-медициналық сараптама жүргізетін болады.

Министрлік ұжымы үшін бұл өте қайғылы хабар. Әріптесіміз Еламанды жоғалтқанымыз бізге өте ауыр тиді. Еламан парасатты және жауапты адам, өз ісінің және араб тілінің жақсы маманы болған. Египеттің бұқаралық ақпарат құралдарында танымал болып, жиі сұхбат беріп, теледидардан сөз сөйлеп жүрді. ҚР СІМ жүйесінде 2013 жылдан бастап жұмыс істеді, 2017 жылдың мамырынан бастап Египеттегі ҚР елшілігінің мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша 2-ші хатшысы қызметін атқарды. Басшылық және әріптестерінің арасында жоғары беделге ие болған.

Сонымен қатар, 17 желтоқсан күні аталған оқиғаға қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Жолдасов Еламан өз үйінің кіреберісінің жанында өлі табылды. Оның қолдары артынан байланып, арқасы мен денесі кір болған. Демек, оны жер бетімен сүйреген» деп тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Оны тапқан кезде оның мойны жіппен оралып, баспалдақтың таянышына асылып тұрған. 

Алғашқы сыртқы тексеру кезінде денеде қандай да бір зақым, көгерулер мен жарақаттар болған жоқ. Қолдары мен аяқтары байланбаған. Оны оқиға орнында жасалған фото - және бейнематериалдар дәлелдейді. Әрине, тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Сондай-ақ марқұмның аяқ-қолы бос екенін оны бірінші тапқан Еламанның жұбайы да дәлелдейді. 

Дипломат тұрған үй кешені тәулік бойы күзет астында. Мысыр тарапымен дипломат тұрған үйге жақын орналасқан бақылау камераларының барлықтарынан бейнематериалдар алынды. Онда бөтен адамдар болуы мүмкін емес.

Марқұм табылған кезде костюм мен галстукте болған. Киімі таза. Өзімен бірге аз ақша салынған портмоне, ұялы телефоны және жеке құжаттары болған.

БАҚ өкілдерін жалған және негізсіз ақпаратты таратудан және қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарының сезімдеріне құрметпен қарауды сұраймыз. Бұл үлкен трагедия және бұдан сенсация жасаудың қажеті жоқ.