Дипломатиялық ду-қол шапалақ

Дипломатиялық ду-қол шапалақ

«Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеуінің жеңімпаздары Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен дипломаттар мекемесінде қонақта болып қайтты.

Жас дарындарды Министрдің орынбасары Ерлан Әлімбаев қарсы алып, сыртқы саяси ведомствосының қызметімен таныстырды. Кездесу барысында Бекнұр мен Әлинұр финалы 2021 жылдың 19 желтоқсанында Парижде өтетін Junior Eurovision байқауына дайындық барысы туралы айтып берді. Олар өздерінің шығармашылық жоспарларымен де бөлісіп, репертуарларынан үзінділер көрсетіп, Сыртқы істер министрлігі қызметкерлері тарапынан шынайы қошеметке бөленді.

Кездесу қорытындысы бойынша Е. Әлімбаев «Junior Eurovision» байқауының қазақстандық қатысушыларына отандық дипломаттар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетініне уәде беріп, сәттілік тіледі.

Ведомствоны аралау барысында жас өнерпаздар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі музейінің экспонаттарымен де танысып үлгерді.