Қазақстандық дипломаттар бірлестігі кеңесінің жаңа құрамы сайланды

Қазақстандық дипломаттар бірлестігі кеңесінің жаңа құрамы сайланды

Нұр-Сұлтан, 2021 ж. 15 қазан - «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» аймақтық қоғамдық бірлестігінің жаңартылған кеңесінің бірінші отырысы өтті. Жиын барысында Бірлестік жұмысының өзекті мәселелері, 2021 жылғы IV тоқсандық жұмыс жоспарының жобасына ұсыныстар, Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясындағы шаралар, дипломатиялық қызмет ардагерлерін қолдау, сонымен қатар, Бірлестік мүшелерінің құқықтарын қорғау мәселелері көтерілді.     

Кеңестің жаңа құрамы Бірлестіктің жалпы Конференциясында бекітілді. 

Бірлестік Кеңесінің Төрағасы ретінде ҚР Сыртқы істер министрлігі Адам ресурстары департаментінің директоры М.Ә.Мақұлжанов, Төрағаның орынбасарлары – Министр Кеңсесінің басшысы М.М.Ибраев және Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары М.А.Сауранбаев; Бірлестік мүшелері – А.Г.Ахмедьяров, И.Ж.Айсариев, Н.В.Жумаканов, Ж.А.Қыраубаев, Д.Т.Теменов, Р.А.Оразалин, Д.М.Имашев, Ж.М.Мамұтбеков, Л.Ж.Жұмагалиева, Е.А.Бектұрганов, В.Т.Сарсембеков, А.Е.Таналинов, М.А.Ысқақ, М.С.Мұқажан және М.Ш.Кабазиев сайланды.

Бірлестіктің негізгі мақсаттары - қазақстандық дипломатиялық қызметтің тарихи дәстүрлерін сақтауға қолғабыс көрсету, дипломаттардың ұрпақтар арасындағы сабақтастығын нығайту, Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиялық қызметіне қоғамдық қолдауды кеңейту, Бірлестік мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қайырымдылық қызмет.