«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бас редакторлар клубымен серіктестікте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған "Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" байқауға қатысу өтінімдерін қабылдау жалғасуда екенін естеріңізге саламыз.

Қатысу өтінімін беру мерзімін ұзарту туралы өтініштердің келіп түсуіне орай қабылдау мерзімінің 15 шілдеге дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.

Ұйымдастырушылар үміткерлердің өтінімдерін мұқият қарастырады және үздік материалдардың авторлары 2021 жылдың тамыз айында Қазақстан бойынша, оның ішінде,  Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Бурабайға саяхат жасау және қызықты мәдени бағдарлама  жолдамасымен марапатталады.

Байқау ережесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/intinf/press/news/details/212652?lang=kk

Тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!