"Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" байқауы туралы

"Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" байқауы туралы

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бас редакторлар клубымен серіктестікте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған "Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" байқауға қатысу өтінімдерін қабылдау жалғасуда екенін естеріңізге саламыз.

Байқауға тиісті ұсыныстарды қабылдаудың аяқталуына небәрі 10 күн қалды!  Ұйымдастырушылар үміткерлердің өтінімдерін мұқият қарастырады және үздік материалдардың авторлары 2021 жылдың тамыз айында Қазақстан бойынша, оның ішінде,  Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Бурабай демалыс аймағына  саяхат жасау және қызықты мәдени бағдарлама  жолдамасымен марапатталады. Байқау ережесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/intinf/press/news/details/212652?lang=kk

Тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!