Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері бойынша дәріс өткізілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері бойынша дәріс өткізілді

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 5-6 сәуірі – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, қазақстандық дипломаттар үшін «Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында бейнеконференция режимінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

Спикерлер ретінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі Дастан Елеукенов, «Қазақстандық атомдық электр станциялары» АҚ Бас директоры Тимур Жантикин, Олбани университетінің (АҚШ) Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова, ҚР Ұлттық ядролық орталығы директорының орынбасары Сергей Березин, Вена қарусыздану және таратпау орталығының халықаралық ұйымдар және таратпау бағдарламасының директоры (James Martin Center at the Middlebury Institute) Гаухар Мұхатжанова және т.б. сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылар ядролық қарусыздану саласындағы ағымдағы жағдаймен және негізгі үрдістермен, биологиялық және химиялық қаруға тыйым салу, экспорттық бақылау режимдері, осы саладағы халықаралық ұйымдардың қызметімен танысты, сондай-ақ барлық қызықтыратын мәселелер бойынша интерактивті пікірталастар өткізді.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімімен қол жеткізілген Семей сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығы, сондай – ақ еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қарусыздану қызметі туралы арнайы талқылаулар ұйымдастырылды. Сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа халықаралық бастамаларын, соның ішінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру ұсынысын ерекше атап өтті.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ҚР Мемлекеттік басқару академиясына және барлық спикерлерге Жаппай қырып-жою қаруы саласындағы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдіреді.