Қазақстандық дипломаттар дәрігерлерге шипажайға жолдамаларды табыстады

Қазақстандық дипломаттар дәрігерлерге шипажайға жолдамаларды табыстады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 9 сәуірі – «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының 4 медициналық қызметкеріне Бурабайдағы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне жолдамалар табыстады.

Бұл қайырымдылық акция COVID-19-бен күресте алдыңғы қатарда болған дәрігерлерге алғыс белгісі болып табылады. Астаналық аурухананың коронавирус инфекциясымен ауырып шыққан екі бөлім меңгерушісі мен екі медбикесі Ақерке Смаилова, Алмагүл Смағұлова, Мақпал Қамзина және Эльвира Айдарова жақын арада оңалту курсынан өту үшін санаторийге барады.
2020 жыл бойы және осы күнге дейін отандық дәрігерлер өз денсаулығына қауіп төндіріп, короннавирустық инфекциямен жанқиярлықпен күресуде. Олардың еңбегі мен кәсіпқойлығының арқасында көптеген қазақстандықтар өз отбасыларына және қалыпты өмірге аман-есен оралды.

Жолдамалар Қазақстанның Молдовадағы Елшілігінің және Қазақстанның сол елдегі Құрметті консулы Роман Станковтың қаржылай қолдауымен алынды.