Қазақстан СІМ «Хабар» Агенттігінің 25 жылдығымен құттықтады

Қазақстан СІМ «Хабар» Агенттігінің 25 жылдығымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 23 қазан – Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан Министрдің атынан «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымын 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын ақпараттық сүйемелдеуге сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

Отандық теледидардың қазақстандық және шетелдік аудиторияға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саяси бастамалары туралы объективті ақпарат жеткізудегі маңызды рөлін атап өтіп, Агенттік қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

Дипломатиялық жұмысты және республика басшылығының халықаралық қызметін ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз етудегі жеке рөлін қадірлеу белгісі ретінде «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин Нәзір Төреқұлов атындағы «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.