
2026 жылғы 18 наурызында Қарағанды қаласындағы №2 «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында қазақ тілі пәнінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Білім додасына Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарынан 7-11 сыныптар бойынша 9 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Олимпиада қорытындысы бойынша қаламыздың намысын қорғаған келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
«Бейнелеушілер» бағыты бойынша:
С. Асфендияров атындағы ЖББМ-нің 8-сынып оқушысы Ергенова Альбина, ІІ дәрежелі диплом (жетекшісі: У.Р. Ахметова);
Е. Бөкетов атындағы ЖББМ-нің 10-сынып оқушысы Аленберг Анастасия, ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі: Ж.К. Жумагулова).
«Сөз шеберлері» бағыты бойынша:
С. Асфендияров атындағы ЖББМ-нің 11-сынып оқушысы Ильясов Мейіржан, ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі: А.К.Сабиолдина) марапатталды.
«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дейді дана халқымыз. Осынау сындарлы бәйгеде озып шыққан оқушыларымыз өздерінің парасаттылығы мен тілге деген сүйіспеншілігін дәлелдей білді.