
«Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында 19 наурыз — Жаңару күні деп жарияланды. Еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың бойында эстетикалық және патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың домбыра тарту шеберлігін дәріптеу мақсатында, бүгін сағат 11:00-де республика бойынша «Күй күмбірі» домбырашылар акциясы өтті.
Шахтинск қаласының білім беру ұйымдары республикалық челленджге қатысып, «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» Қ. Сағырбайұлы; «Тепең көк» халық күйі; «Әлқисса» Н. Тлендиев; «Ерке сылқым» Ә. Желдібаев; «Көроғлы» Д. Шығайұлы; «Көксерке» Байжігіт бір мезгілде белгілі күйлерді орындады.
Челлендждің мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.
#КҮЙКҮМБІРІ2026.