«Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында 20 наурыз Ұлттық спорт күні болып белгіленді.

«Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында 20 наурыз Ұлттық спорт күні болып белгіленді.

«Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында 20 наурыз Ұлттық спорт күні болып белгіленді. Ұлттық мәдени мұраны сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлттық бірегейлігін қалыптастыру және халықтың дәстүрлеріне құрметін арттыру мақсатында бұл күні сағат 10.00-де республика бойынша «Ұлттық ойындар керуені» акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – спорттық-ойын әрекеті арқылы білім алушылардың қазақ халқының ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлерін зерделеуге тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
Іс-шараға оқушылар, педагогтер мен ата-аналар белсене қатысты. Бағдарлама бірнеше тақырыптық станцияларды қамтитын спорттық-ойын эстафетасы форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі ойындары бойынша бақ сынасты. Бұл тек командалық рухты нығайтып қана қоймай, өскелең ұрпақ арасында мәдени мұраны кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.